jitsu gif
Шоубиз

    Ердос Қанаев: Алла ата-ананы ренжіткен адамның жазасын осы өмірде бермей қоймайды

    Ердос Қанаев
    Видеодан кадр: Youtube/Batyr Bloger

    Отандық танымал әнші Ердос Қанаев ата-анаға жақсылық жасауға шақырып, көпшілікке салиқалы әңгіме айтты. Өнер иесі ата-анаға жасалған зұлымдықтың зияны жайлы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ердос Қанаев ең әуелі Алла, одан кейін ондай құрметке ата-ана лайық деп есептейді. Эстрада жұлдызы бұл тақырып жайындағы жан сырын Батыр блогерге берген сұхбатында ақтарды.

    "Біз айтып жатамыз ғой, әуелі Алла, сосын сенің арқаң деп. Олай айтуға тек ата-ана ғана лайықты. Анаң сені 9 ай құрсағында көтеріп жүреді. Еркек адам оған шыдамайды. Мәселен, бір 5 келі затты тастамай көтеріп жүр десең, ондайға шыдамайды. Күні-түні, жатсаң да, тұрсаң да көтеріп жүр десең, ешкім оған келіспейді. Ал әйелдер шыдайды. Олар дүниеге баласын әкелген соң да үнемі сенің қамыңды жейді. Сен үшін уайымдайды. Сенің  құламағаныңды ойлап жүреді. Өмірінің соңына дейін сен үшін уайымдеп жүреді. Сондықтан әуелі Алла, екінші ата-анамның арқасы деп айтуға болады”, –деді Қанаев. 

    Сонымен қатар, әнші әрбір перзент анасының бетіндегі әжім үшін жауапты екенін айтты.

    “Ананың бетіндегі әрбір әжім, ағарған шаш үшін біз жауаптымыз. Біз үшін түскен әжімдер ол. Соны болдырмауымыз керек. Ата-анасын құрметтей алмай жүрген небір жігіттер жүр. Олар нағыз ездер. Адам ата-анасынан алыстап Дубайда, басқа жақта жүре беруі мүмкін. Асып-тасып өмір сүруі мүмкін. Бірақ  Алла ата-ананы ренжіткен адамның жазасын осы өмірде бермей қоймайды. Егер бір күнә істесеңіз, қияметте оның жазасын алады. Ал ата-анаға деген зұлымдық ол ауыр”, - деді “Жігіттер” тобының мүшесі. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.