jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Айгүл Мүкей: Жалпыұлттық аза тұтуды бірнеше күнге жариялауға болар еді

    Айгүл Мүкей
    Фото: Instagram/aigulmukei

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей елімізде орын алған жайттарға қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі қаза тапқандарды еске ала отырып, аза тұту күнінің тым тез аяқталғанына қынжылды. Ол "қаралы күнді бірнеше күнге жариялаған дұрыс еді" деген пікірін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Мүкей әсерлі жазбасын Instagram желісінде бөлісті.

    Тележүргізуші тәртіпсіздіктің құрбандары жайлы жазып, аза тұту күніне қатысты пікір білдірді.

    "10 қаңтар – ұлымның есінде қалуы да, қалмауы да мүмкін бір күндік аза тұту күні. Біз Алматыдан алыс тұрамыз. Біз сұмдықтың бәрін көрмедік және қалай болғанын, қайтыс болған жас сарбаздар туралы қалай айтсам да, ол елде не болғанын түсінбеді. "Басын кесіп тастағаны қалай?" деп сұрады.

    Барлық радиостанцияда аза тұту күні болды. Олар жүргізушісіз баяғы бір музыканы берді. Бірақ бүгін ештеңе болмағандай бәрі жалғасты. Көшеде қаза тапқан жігіттерді еске алып, ұлдарымыз бен ағаларымызды еске алу үшін (олардың жүздегені бар) бұл қаралы күнді бірнеше күнге жариялауға болар еді. Соның ішінде бұл күндер халықтың және біздің балаларымыздың есінде қалу үшін керек.

    Есте қалу және ең бастысы – батырларды еске алу. Дегенмен біз марқұмдардың есімін БАҚ-тан да, интернеттен де көрмедік. Мүмкін, барлығы тізімде жоқ шығар. Тым болмағанда есімдері белгілі азаматтарды жариялағанда, дұға бағыштар едік", - деп жазды Мүкей.

    Айгүл Мүкей: Жалпыұлттық аза тұтуды бірнеше күнге жариялауға болар еді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.