jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Асқақтауға болмайды": Қалдыбек Құрманәлі той қонақтарына акула етін жегізген Әбдіжаппарды сынға алды

    Қалдыбек Құрманәлі
    Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

    Қазақстандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі той үстінде акула етін таратқан Әбдіжаппар Әлқожаны аяусыз сынап тастады. Халық несиесін жаба алмай, нанға ақша таппай жүргенде, әншінің бұл әрекеті үлкен қателік болды, дейді ол.

    Қалдыбек Құрманәлі халықтың жағдайы мәз емес заманда Әбдіжаппардың бұлай жасауы дұрыс болмады деген ойын ашық айтты. Бұл туралы композитор "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    "Мен қазақ емеспін, қожамын, ақсүйекпін" деп Әбдіжаппар Әлқожа шықты. Шетелден акуланың етін алдырды, дейді. Өзіңді өзің жексұрын қылу не үшін керек? Бүкіл халық шетелден акуланың етін алдырып жатса, түсінемін. Елдің жағдайы шетелден акула алдырып жейтіндей болса, жейік.

    Халық қазір сіңірі шыққан кедей. Өз күнін көре алмай, банктердегі несиесін жаба алмай жүрген қазақ, нансыз отырған отбасылар бар. Сондайларғабұл басу ма? "Сендер тас кедейсіңдер, мен күштімін" дегені ме? Осылай басынатындар қарғысқа ұшырайды. Ұлттың наласына ұшырайды.

    Ертең "дауысым шықпай қалса, кино түсіремін болмаса бизнес ашып аламын, мейрамхана немесе көлік жуатын жер ашып аламын, құрығанда Жазиралар сияқты сән салонын ашып аламын деп ойлап жүр ғой. Олай бола бермейді. Халықтың наласына қалуға, асқақтауға болмайды", - деп кесіп айтты Қалдыбек Құрманәлі.

    "Асқақтауға болмайды": Қалдыбек Құрманәлі той қонақтарына акула етін жегізген Әбдіжаппарды сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.