jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер пікір білдіргені үшін дауға қалды

    Даня Милохин
    Даня Милохин. Фото: instagram.com/danya_milokhin

    Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер Даня Милохин отандық музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалды. Желі қолданушылары одан өз еліне қайтуын талап етуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде Даня Милохин мен Аня Покровтың видеосы тарап кетті. Онда ресейлік блогерлер қазақстандық әртістердің бейнебаяндарын қарап, оларға қатысты өз пікірлерін айтқан.

    "K-pop сияқты ән айтады екен", - деді Даня.

    Аня оның айтқанымен келісті.

    "K-pop сияқты айтқанымен түрлері нағыз "краштар" секілді. Негізінде кейбірі k-pop әртістері сияқты болса, енді бірі бұрынғы панкерлер секілді", - деп күлді ол.

    Оған қоса Покров бейнебаяндардың деңгейін жоғары бағалады.

    "Клип түсіруге ақшалары бардай", - деді Милохин.

    "Жоқ. Қазақстанда бейнебаяндар түсіре алатын талантты адамдар бар", - деп қарсы шықты Аня.

    Милохин алдағы уақытта Қазақстанда клип түсіруге ниетті екенін жеткізді.

    Даня Милохиннің жергілікті әртістердің бейнебаян түсіруге қаржылық мүмкіншілігіне қатысты білдірген пікірі қазақстандық желі қолданушыларына ұнамай қалды.

    Оның Telegram арнасындағы Қазақстанда клип түсіргісі келетінін айтқан жазбасының астында оған қазақстандық желі қолданушылары өз еліне қайтуға кеңес беріп жатыр.

    "Саған біздің әртістер ұнамайды ғой", "Өз еліңе қайт", "Қонақжайлылықтың да шегі бар. Қонақта өзіңді қонақ ретінде ұстау керек", "Ақшалары бардай дегені несі", "Біздің әртістердің еңбегін жоққа шығарудың қажеті не? Алдымен өзің солардың деңгейіне жетіп ал", "Біздің әндерде мән-мағына бар", "Не деген тәрбиесіздік. Өзге елге келген соң, сол жердің адамдарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, мәдениетін, ойындарын, әндерін қадірлей білу керек", - деп жазды оқырмандар.

    Shotaroskazakhgf есімді тиктокер де Милохинге жауап беріп, арнайы видео жариялады

    Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер пікір білдіргені үшін дауға қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.