jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Біз бұл жобаны жаптық": Нұртас Адамбай атышулы "Сабина келін" рөлінен бас тартты

    Нұртас Адамбай "Сабина келін" рөлінен бас тартты
    Нұртас Адамбай. Фото: instagram/nurtasadambay

    Белгілі актер әрі шоумен Нұртас Адамбай өзін халыққа танымал еткен "Сабина келін" рөлін енді сомдамайтынын айтты. Бұл туралы ол Неге басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Сабина келін" туралы сұрақты қоятындар көп. Біз түсірген фильмде оғаш көрініс жоқ. "Сабина" – әйел образы және оны еркек актер сомдайды. Бұл – комедия. Бұл рөл талай адамға ұнады.

    Бір кездері "Тамаша" ойын-сауық театрында да актер Құдайберген Сұлтанбаев әйел образын сахналады. Тұрсынбек Қабатов КВН-де ененің рөлін алып жүрді. Бәріңіз білетін "Дом большой мамочки" фильмінде де әйелдің рөлінде еркек ойнап шықты. Бұл бар болғаны – рөл.

    "Сабина келін" жобасын енді түсірмейміз. Бұл жобаны жаптық. Әйел образын енді сомдамаймын. Жасым да келмейді. Қазақпыз ғой. Адам өзгереді. Осындай мәселені көтеретін жасымыз да келді. Біз айтпасақ, кім айтады? Өз баламызды ойламасақ, кім ойлайды? Қажылыққа барып, Алланың жолына түстім. Алла тағала сондай маңызды мәселелерді айтуды үйретіп жатыр", - деді Нұртас Адамбай.

    Еске сала кетейік, жақында актер қызды болды. Бұл Нұртас Адамбайдың отбасындағы екінші перзент.

    "Біз бұл жобаны жаптық": Нұртас Адамбай атышулы "Сабина келін" рөлінен бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.