jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Аузына маса кіріп кетті": Әнші Мирас Жүгінісов сахнада ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

    Мирас Жүгінісов
    Фото: Instagram/zhugunussov.mj

    Қазақстандық танымал әнші Мирас Жүгінісовтің концертінде қызық жағдай орын алды. Өнер иесі көпшілік алдында өнер көрсетіп жатып, әнін дұрыс орындай алмаған. Әртіске маса кедергі келтірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аталмыш концертте орын алған ыңғайсыз жағдайдың видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Бейнежазбадан өнерпаздың ән шырқап жатып, оны дұрыс аяқтай алмағанын байқауға болады.

    Соңында әнші көпшіліктен кешірім сұрап, болған жайтты түсіндіруге тырысты. Сөзінше, ән айтып жатқанда оның аузына маса кіріп кеткен.

    Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін жаудырды.

    "Атыраудың масаларына күлуге болмайды. Шынымен шақса қауіпті", "Бағы бар маса екен", "Концерттерде түрлі қызықтар болып тұрады", "Соны ұялмай, жанкүйерлерінен кешірім сұрап түсіндіріп жатыр. Сондай қарапайым", "Өнерің өрлей берсін", "Ондай болып тұрады. Бастысы өз тыңдармандарын бәрін түсініп тұр", - деп жазуда көпшілік.

    "Аузына маса кіріп кетті": Әнші Мирас Жүгінісов сахнада ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.