jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Шыдамдылық танытайық": Динара Сәтжан Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер жайлы айтты

    Динара Сәтжан
    Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

    Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бүгінде елімізге келіп жатқан Ресей азаматтарына қатысты пікір білдірді. Ол аталған мәселе үшін алаңдаушылық танытып жатқан отандастарын шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Динара Сәтжан бұл тақырыпты Instagram парақшасында көтерді.

    Оған қоса БАҚ өкілі өз елін тереңірек танып-білу мақсатында мемлекетіміздің әр қаласында тұрып көргісі келетінін жеткізді.

    "Дәл осындай фотоны Мальдив аралдарында да жасауға болатын еді. Бірақ бұл сурет Ақтауда жасалынды. Бұл қалада тұрсам өте сапалы видеоконтент жасайтын едім. Каспий жағалауында сұхбат алар едім. Өз елімді тереңірек танып-білу үшін Қазақстанның әрбір қаласында кемінде бір ай уақыт тұрып көргім келеді.

    Қазіргі уақытта бізге Ресейден адамдар келе жатыр. Меніңше, бұл тұрғыда біз көршілерімізге түсіністікпен қарауымыз керек. Өзіміздің қонақжайлығымыз бен шыдамдылығымызды танытайық", - деп жазды ол.

    "Шыдамдылық танытайық": Динара Сәтжан Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.