jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Есен Елеукен Тұрсынбек Қабатовпен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты (видео)

    Есен Елеукен
    Есен Елеукен. Фото: Динара Сәтжанмен сұхбат

    Қазақстан КВН ойындарының президенті Есен Елеукен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қазір қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Жайдарман" ойындарының жүргізушісі танымал әзілкешпен жылдар бойы түсінісе алмай келе жатқанын мәлім еткен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Есен Елеукен Динара Сәтжанның бағдарламасына сұхбат беріп, қазір әзіл әлеміндегі әріптесімен жақсы қатынаста екенін жеткізді.

    "Тұрсынбекпен қарым-қатынасымыз жақсы. Биылғы жылы мен екі ойындарына бардым. Ол бізге келді. Кешегі ойынға түсірілімге байланысты келе алмады. Былтырғы жылы кездесіп, барлығын келістік.

    Басқа жұртқа солай көрінген шығар. Бұл жерде қателік басқалардан болды. Яғни екі бірдей бағдарламаны бір телеарнаға қосқан. Осы шешімдерге байланысты болған сияқты", - деді Есен Елеукен.

    Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "КТА" басшысы Тұрсынбек Қабатов "Қазақстан КВН Одағының" президенті Есен Елеукенмен 2005 жылдан бері түсінісе алмай келе жатқанын ашып айтқан болатын.

    Кейінірек КВН Одағының президенті Есен Елеукен өзімен арадағы қарым-қатынасы туралы айтқан Тұрсынбек Қабатовқа жауап берді.

    Есен Елеукен Тұрсынбек Қабатовпен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.