jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Жұлдыз Әбдікәрімова Тұңғышбай Жаманқұловтың сынына жауап берді

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Осыдан біраз уақыт бұрын театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың көпшілікке ұсынған "Ажырасам" атты фильміне қатысты сын айтқан болатын. Әбдікәрімова Тұңғышбай Жаманқұловтың сынына "Ревю" бағдарламасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тыңдадым, оқыдым. Сынаған кезінде қуандым десем де болады. Себебі, саф өнердің саңлақтары сынап жатса, мен құлақ асамын. Келесіде оның бәрін ескеремін. Ол кісіге рахмет айтамын. Ол кісі менің ең сүйікті актерім", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

    Естеріңізге сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында көпшілікке ұсынған "Ажырасам" фильмінің тұсаукесеріне өзінің арнайы шақырылғанын айтқан болатын.

    Алайда фильм көңілінен шықпағандықтан, соңында тіпті құттықтамай кетіп қалғанын мәлім етті.

    Жұлдыз Әбдікәрімова Тұңғышбай Жаманқұловтың сынына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.