jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Жанар Дұғалова өзі ойнаған рөлдегі жалаңаш көріністер жайлы айтты

    Жанар Дұғалова бағдарламада
    Жанар Дұғалова. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

    Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалова фильмде өзі ойнаған рөлдегі ашық сахналық көріністер жайлы айтты, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, "Умри или вспомни" фильміне арнайы кастингтен өтіп, таңдалған. Сонымен қатар аталмыш туындыдағы рөлі үшін актриса көп қаламақы алмаған.

    "Әлеуметтік желі мен жекеме келіп түскен пікірлер легіне зер салсам, кино жұрттың көңілінен шыққан тәрізді. Бірақ жаңа жанр болған соң көрерменнің барлығы дерлік түсіне қоймас. Дегенмен жаңашылдықты қабылдай алатын жастарға ұнап жатқан сыңайлы. Киноны қалай қабылдау әркімнің талғамына байланысты дүние ғой. Бұл – Нұрғалиев таспалаған жаңа жанрдағы екінші фильм. Оның режиссерлік шеберлігін ескерсек, кейінгісі де сәтті шықты деп ойлаймын.

    Жалаңаш көріністерде мені дублер алмастырды. Сондықтан ол жерде менің ашық тәнім көрсетілмейді. Мойындауым керек, қаламақым өте аз болды. Ернар екеуіміз жиырма жылдан бері ол - кинода, мен - сахнада бірге келе жатқандықтан, достық көңілмен қолдауға тырыстым", - деді Жанар Дұғалова.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанар Дұғалова тойының Астанада өтетінін айтқан болатын.

    Жанар Дұғалова өзі ойнаған рөлдегі жалаңаш көріністер жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.