jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Сатқындығын кешіре алмай жүрмін": Тұңғышбай Жаманқұлов елге танымал актерге қатысты мәлімдеме жасады

    Тұңғышбай Жаманқұлов студияда қонақта
    Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото: "Хабар" арнасы

    Қазақстанның Халық әртісі Тұңғыбай Жаманқұлов "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" бағдарламасында қонақ болып, өзін сатып кеткен жандар туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Актердің айтуынша, ол өзінің елімізге танымал шәкірттерінің бірін әлі күнге дейін кешірмеген.

    "Талай адам үстімнен арыз жазды. Алдында арыз жазып, қол қойғандардың біразы кешірім сұрамаса да, "білмей қалдым" дегендер болды. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін. Өйткені атышулы министрдің айтқанына еріп, жарамайтын нәрселер жасады. Ит те болса ұстаздың алдын кесіп өтуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмай жұрмін. Өзі келіп, кешірім сұраған жоқ. Егер келіп жатса... "Алдың келсе, атаңның құнын кеш" дейді ғой. Қатып қалған ешнәре жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай емес. Оның жазылуы да қиын", - деді Жаманқұлов.

    Айта кетелік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов берген сұхбатында 15 күндей жындыханада жатқанын айтқан еді.

    "Сатқындығын кешіре алмай жүрмін": Тұңғышбай Жаманқұлов елге танымал актерге қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.