jitsu gif
Шоубиз

    Мадина Сәдуақасова желіге тараған шулы видеосына қатысты пікір білдірді (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

    Отандық әнші Мадина Сәдуақасованың "Медеу" спорт кешініндегі баспалдақтармен көтерілген сәтіндегі видеосы желіде таралып кеткен болатын. Әнші шулы видеосына қатысты Instagram желісінде пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Дәл қазір менің қасымда мобилографым отыр. Екеуіміздің тауға барған видеомыз өте көп таралып, неше түрлі пікір жазып жатыр. Негізі сол баспалдақпен көтерілген адам біледі. 900-ден аса баспалдақпен жоғары көтерілу оңай емес.

    Екіншіден, камераның микрофоны өте сезімтал. Сондықтан бүкіл дауысым, демім, тіпті жүрек қағысымның ырғағы өте анық естілген. Сол үшін менің демім сіздерге солай естілген. Негізі ол видеоға жыным қайнайды", - деп түсіндірді әнші шулы видеосын.

    Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Мадина Сәдуақасова мобилографы түсірген видеоны әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда желі қолданушылары әншінің бұл видеосын ұнатпай, түрлі пікір білдірген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.