jitsu gif
Шоубиз

    "Бәріне көнеді екенсің": Медеу Арынбаев жұбайының қазасынан соң неге үйленбей жүргенін айтты

    Медеу Арынбаев сахнада
    Медеу Арынбаев. Фото: youtube.com

    90-жылдардың аяғында халыққа кеңінен танылып, тыңдарман жүрегінен орын алған Медеу Арынбаев Базарlike бағдарламасында қонақ болып, өнері мен отбасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Дөп түсіп, осы қазір таптым дейтін халге жетпедім. Әрине, ер адам болған соң сүйіспеншілік, әуестену деген үзілмейді. Бірақ өте жауапкершілікпен қараймын. Несін жасырайын, алғашқы кезде бойдақтық осы екен дегенді де сезіндік. Қиналған кездер де болды. Маған күш-қуат беретін, маған демеу боп жүрген - ұлым мен қызым ғой. Ер жетіп, бой жетіп қалды.

    Құдай қаласа, боп қалар. Кездесіп қалармыз. Тірі жан болған соң, барлығына көнеді екенсің. Жалғыздыққа да үйреніп қалдым, сөздің ашығы. Емін-еркін. Үйлену деген үлкен жауапкершілік қой. Менің таңдауымнан шыққан жас әлекке салып қоя ма, кім біледі?! Талғамы, талабы қалай боп кететінін кім біледі... ", - деді Арынбаев.

    Айта кетелік, бұған дейін әнші арнайы сұхбат беріп, ұл-қыздарын қатарынан қалдырмай тәрбиелеп отырғанын айтқан еді.

    "Бәріне көнеді екенсің": Медеу Арынбаев жұбайының қазасынан соң неге үйленбей жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.