jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуінің қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді (фото)

    Айжұлдыз Адайбекова сұхбат беруде
    Айжұлдыз Адайбекова. Фото: "Момский әңгіме" жобасы

    Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет күйеуі Қыран Талапбектің екінші рет отбасы құруына байланысты пікір білдірді. Бұл жайлы Адайбекова Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушысының бірі Айжұлдыз Адайбековадан бұрынғы күйеуінің қайта үйленуіне қатысты қандай ойда екенін сұраған.

    "Бәрін қоя берші, Қыранды (Талапбек - рек.) айтсайшы. Саған ұқсаған біреуді тауып алыпты", - деп жазған Айжұлдыздың оқырманы.

    Ал Айжұлдыз Адайбекова бұл жағдайға қатысты көзқарасын айтты.

    "Мені бұл тақырыптан қашады деп ойладыңыздар ма? Әрине, жоқ! Алла бақ берсін. Бақытты, балалы болсын! Өте жарасымды жұп. Маған ұнайды.

    Оған неге сонша ашулысыздар? "Біреу үшін қуана білу - тақуалықтың белгісі" деген исламда жақсы сөз бар. Тоқсан тоғыз бәле - тілден. Бәрі Алланың қалауымен, бақыт тілеп қуаныңыздар. Мен де тілекшімін", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

    Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбектің ортақ ұлы бар.

    Айжұлдыз Адайбекова сторис
    Айжұлдыз Адайбекова сторис. Скриншот: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

    Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуінің қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.