jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақпын деп ойладым": блогер Айжан Байзақова қай ұлттан екенін білу үшін тест тапсырды (видео)

    Айжан Байзақова
    Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

    Отандық блогер Айжан Байзақова қай ұлттан екенін білу үшін тапсырған арнайы тестінің жауабын алды. Ол Instagram желісінде тесттің нәтижесін көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жақында мен қай ұлттан екенімді білу үшін тест тапсырдым. Өмір бойы өзімді қазақпын деп ойладым. Енді анықтаймыз. Мен небәрі 13 пайыз қазақпын", - деді ол.

    Сонымен қатар блогер әлеуметтік желінің stories бөлімінде тесттің нәтижесін бөлісіп, таңғалғанын жасырмады.

    "30 жыл өмір сүресің. Қазақпын деп ойлайсың. Сосын қай ұлттан екеніңді білу үшін тест тапсырасың да, біреудің құпия сақтағанын білесің... Шынымды айтсам, менің жан дүниемде ештеңе өзгермеді. Бұл қағаз ештеңені өзгертпеді. Мен қазақпын деп ойлаймын", - деді Байзақова.

    "Қазақпын деп ойладым": блогер Айжан Байзақова қай ұлттан екенін білу үшін тест тапсырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.