jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Билетті бір ай бұрын сатты": Нұржан Төлендиев көрерменнен сөз естіді (видео)

    Нұржан Төлендиев
    Нұржан Төлендиев. Фото: instagram.com/nurjan.tolendiev.official

    "Алдараспан" әзіл-сықақ театры Талдықорған қаласында жеке кешін өткізген. Театрды 1 сағат 20 минут күткен жергілікті тұрғын "Алдараспанның" басшысы Нұржан Төлендиевке ұрысып тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеоны Бейісқали Данияр есімді азамат Instagram парақшасында жариялады.

    "Талдықорғанға концерт беруге келген "Алдараспан" театры халықты 1,5 сағат күттірген. Ағамыз айтып тастады. Дұрыс жасады ма? Әлде бұрыс па?", - деп жазды ол.

    Видеодан сахнада тұрған Нұржан Төлендиевке ер адамның ұрысып жатқанын байқауға болады.

    "Талдықорғанның азаматтарын сыйлаңыздар. 1 сағат 20 минутқа кешікті. Халыққа олай жасамаңыздар. Халық сыйлағаннан кейін өнер өсіп жатыр.

    Концертке келдік. Билетті бір ай бұрын сатты ма, бір сағат бұрын осы жерде болыңыздар. Ер-азаматсыздар ма? Сөздеріңізде тұрыңыздар", - дейді ер адам.

    Ал актер Нұржан Төлендиев концертке келген азаматтың сөзіне келісіп, тек бас шұлғығанын байқауға болады.

    "Билетті бір ай бұрын сатты": Нұржан Төлендиев көрерменнен сөз естіді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.