jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әлихан Байзақов екіұшты әзілімен Қазнетті ашуландырды (видео)

    Әлихан Байзақов бокс тұлыбын соғуда
    Әлихан Байзақов бокс тұлыбын соғуда. Видеодан кадр: Instagram/zarina_baibolova

    Атышулы Айжан Байзақованың туған інісі Әлихан Байзақовтың басы дауға қалды. Блогердің әзіл ретінде түсірген видеосы желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әлихан Байзақов Instagram парақшасында бокс тұлыбын аяусыз соғып жатқан видеосын жариялаған. Блогер бұл әрекетімен ұсынысқа қыз "жоқ" деп жауап берген жағдайда не істеу керектігін әзілмен жеткізбек болған.

    Алайда оның әзілі көпшілік көңілінен шықпаған көрінеді. Желі қолданушылары видео шыққан бойда Байзақованың інісін сынға алып, оның әрекеттері "зорлық-зомбылыққа үгіттейді" деген тұжырым жасады.

    Блогер жігіттің өзі аталмыш бейнежазба тек әзіл ретінде түсірілгенін айтты. Халықтың кері пікірлерінен кейін ол даулы видеосын парақшасынан өшіріп тастады.

    Айта кетерлігі, ел ашуын тудырған бейнежазба Алматының танымал жаттығу залдарының бірінде түсірілген. Жаттығу залының өкілдері бұл жайттан кейін мәлімдеме жасап, Байзақовпен барлық қарым-қатынасты үзгенін хабарлады.

    "Орынсыз видеоролик біз насихаттайтын құндылықтарға мүлдем сай келмейді. Сол себепті біз Әлиханға хабарласып, аталмыш бейнежазбаны өшіруін сұрадық. Алайда ол бас тартты. Блогер видеосында зорлық-зомблыққа үгіттейтін әрекеттер жоқ деп есептейді. Біздің клиенттеріміз келісімшартқа сәйкес, әлеуметтік тәртіп ережелерін бірдей ұстану қажет. Әлихан Байзақов ережені ұстанбағандықтан енді сәйкесінше біздің залдарымызда жаттыға алмайды ", - делінген ресми хабарламада.

    Әлихан Байзақов екіұшты әзілімен Қазнетті ашуландырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.