jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызын алақанында аялап жүрген адам": Байзақова басы дауға қалған інісін жақтап шықты

    Айжан Байзақова
    Фото: Instagram/bayzakova

    Отандық танымал блогер Айжан Байзақова желіде басы дауға қалған інісі Әлихан Байзақовты жақтап шықты. Атышулы ару бауыры аталмыш видеоны "зорлық-зомбылыққа шақыру" мақсатында емес, тек әзіл ретінде түсіргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжан Байзақова желіде туындаған дауға байланысты пікірін Instagram парақшасында білдірген. Блогер ару інісіне айтылып жатқан сыни пікірлер орынсыз деп есептейді.

    Ол Әлиханның шынайы өмірде қандай адам екенін айтып, оның қызымен қарым-қатынасына тоқталып өтті.

    "Кішкентай кезімізде Әлиханға тхэквондо әдістерін жасап, есін шығаратынмын. Ол менің соққыларыма ешқашан жауап бермейтін. Маған шыдап бақты. Себебі ол қызға қол көтеруге болмайтынын білетін.

    Видеоға қарап, оның "әйелдерге деген қарым-қатынасы жаман екен" деп ой түю дұрыс емес. Ол қыз атаулысына пікір жазып жатқандардың көбісінен жақсы қарайды. Ол өз қызын алақанында аялап жүрген адам. Тіпті оған ешқашан дауыс көтермейді. Ал орынсыз әзілмен түсірілген видео "зорлық-зомбылыққа" насихаттау немесе оның дәлелі болып саналмайды", - деп жазды Айжан Байзақова.

    Айжан Байзақованың Stories-i
    Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

    Айта кетейік, Әлихан Байзақов желіде бокс тұлыбын аяусыз соғып жатқан видеосын жариялап, ел ашуын тудырды. Блогер бұл әрекетімен ұсынысқа қыз "жоқ" деп жауап берген жағдайда не істеу керектігін әзілмен жеткізбек болған.

    Алайда оның әзілі көпшілік көңілінен шықпаған көрінеді. Желі қолданушылары видео шыққан бойда Байзақованың інісін сынға алып, оның әрекеттері "зорлық-зомбылыққа үгіттейді" деген тұжырым жасады.

    "Қызын алақанында аялап жүрген адам": Байзақова басы дауға қалған інісін жақтап шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.