jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Нүкенова құрбысына Бишімбаев оны интим видео түсіруге мәжбүрлегенін айтқан

    Салтанат Нүкенова
    Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

    Астанада әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан жауап алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сот отырысы барысында Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның не жайлы сөйлескені белгілі болды. Марқұм әйел құрбысына Бишімбаевтың өзіне қол көтеретінін жазып, ағасы Айтбек Амангелдіге жіберген суреті (соққыдан кейінгі фото) жайлы айтып берген. Сонымен қатар Салтанат күйеуі оны интим видеосын түсіруге мәжбүрлегенін де жеткізді. Оның сөзінше, Бишімбаев Нүкеновтер отбасы оны бопсалауы мүмкін деп ойлаған.

    "Ол жібермеймін деді. Менің отбасымда соққыдан кейінгі суретім бар. Біз оны бопсалап, желіде жариялап, одан ақша талап етеміз деп ойлайды. Ол мені жалаңаш күйде видеоға түсуімді сұрады. Сол кезде ол өзін бопсаламайтынына сенімді болатынын айтты", - деп жазған Салтанат құрбысына.

    Одан кейін Нүкенова Бишімбаевты құбыжыққа теңеп, видеосыз күйеуі оны жібермейтінін айтты. Аида Салтанаттан "интим видео түсіргені рас па?" деп сұрады.

    "Иә, одан кету үшін түстім. Мен шаршадым. Одан басқа ешкіммен араласпаймын. Ол әр қадамымды, әр хабарламамды, әр қоңырауды қадағалайды", - деп жазды Салтанат.

    Нүкенова құрбысына Бишімбаев оны интим видео түсіруге мәжбүрлегенін айтқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.