jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Адам құрлы көрмейді": Жазира Байырбекова тұрмысқа шықпаған аруларға үндеу жасады

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде әсерлі жазба жариялап, тұрмысқа шықпаған аруларға үндеу жасады. Ол қыздарға қатты сүйіп тұрса да, мейірімсіз ер азаматтармен отбасын құрмауға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жазира Байырбекова бүгінде қазақ қыздарының болашағына алаңдаулы екенін жеткізіп, оларға әпкелік кеңесін берді. Әнші мейірімсіз адаммен қарым-қатынас құрмауға шақырды.

    "Қыздар, сізді қатты сүйіп тұрса да, мейірімсіз адамға тұрмысқа шықпаңыздаршы. Құштарлық, махаббаттың алауы мәңгі тұрмайды. Мейірімсіз адам ғашықтық отымен ғана мейірімді бола алады. Ал ол сезім басылған кезде қатыгездігін көрсетпей тұрмайды. Басқа біреуге ғашық болғанда сізді адам құрлы көрмей қалады. Ал мейірімді адам сізді қатты сүймесе де, басқа адамға көңілі ауса да сіздің көңіліңізге кірбің салмайды, сізге жамандық жасамайды. Сізді құрметтейді деп ойлаймын" , - деп жазды өнер иесі.

    "Адам құрлы көрмейді": Жазира Байырбекова тұрмысқа шықпаған аруларға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.