jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Мүлдем араласпаймыз": әнші Шолпан Бейсенова "Domino" тобындағы жанжал туралы бар шындықты айтты

    Шолпан Бейсенова
    Шолпан Бейсенова. Фото: Instagram/sholpan_singer

    Кезінде жастар арасында кеңінен танымал болған "Domino" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Шолпан Бейсенова ұжымдағы келсіпеушілік туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі әріптесі Закир Егембердиевпен неге жанжалдасып қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Шолпан Бейсенова бүгінде "Domino" тобының әншісі Закир Егембердиевпен мүлдем араласпайтынын айтты. Сөзінше, олар топқа продюсердік етуге таласып қалған.

    "Топ Закирдің атына жазылды. Мен оған шағымымды айттым. "Бұл топта бұрыннан бірге келе жатырмыз. Екеуміздің құқығымыз бірдей болу керек қой" деп ренішімді жеткіздім. Бірақ ол келіспеді. "Мен істеген дүние сенің қолыңнан келмейді. Сен әйелсің, бала-шағаң бар" деді. Десе де ол маған бір ауыз ескертуі керек еді. Содан бері араласпаймыз. Ол мені әлеуметтік желіде де бұғаттап тастапты. Оны көріп қалсам аманым түзу. Қазір бұл топқа еш қатысым жоқ. Бірақ композитор Дәурен Байназаровтың әндерін "Айым-ай", "Капелька яда" секілді туындыларды орындай аламын", - деді өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында.

    "Мүлдем араласпаймыз": әнші Шолпан Бейсенова "Domino" тобындағы жанжал туралы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.