jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Адам болу – міндет": Бишімбаев ісі бойынша прокурор Аймағанова желіде жазба жариялады

    Айжан Аймағанова
    Айжан Аймағанова. Видеодан кадр: Instagram/ aimaganova_a

    Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы, Астана прокурорының аға көмекшісі Айжан Аймағанова Instagram парақшасында жазба жариялады.

    Прокурордың сөзінше, ол аз уақыт ішінде танымалдылыққа ие боламын деп ойламаған. Тек жалған парақшалардан аулақ болғысы келген.

    "Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парақшам, менде TikTok жоқ. Студенттік кезімнен @zhakiti парақшам бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар парақшамды @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым", - деп жазды ол.

    Аймағанова қазіргі уақытта желіде белсенді бола алмайтынын айтып, көпшілікке көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

    "Өмірде қолданатын көп нәрсе ұқтым. Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң адам болу - міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бей-жәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы, жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік", - деп түйіндеді прокурор.

    "Адам болу – міндет": Бишімбаев ісі бойынша прокурор Аймағанова желіде жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.