jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сенген адамым осы ма?": Дариға Бадықова Олжас Абай үшін ұялған кезін еске алды (видео)

    Дариға Бадықова мен Олжас Абай
    Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасы

    Отандық танымал актриса Дариға Бадықова әріптесі Олжас Абаймен жұмыс істеген қалай екенін айтып, ол үшін қатты ұялған кезін еске алды. Өнер иесі сол кезде қатты намыстанып, оны басты рөлге бекіткені үшін өкінгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дариға Бадықова мен Олжас Абай бір-бірінен сұқбат алып, ел білмейтін жайттарды ақтарды. Актриса өнердегі әріптесі үшін қатты ұялған кезі болғанын айтты.

    "Олжас үшін ұялған кезім болды. Себебі өзім бекіткен актердің осылай жасағаны ауыр тиді. Алаңға келмей, түсірілім өтпей қалды. Сол кезде қатты ұялдым. Командама қарайтын бет болмады. "Актерлар осындайсыңдар ма? Сенген адамым осы ма?" деп ашуландым", - деді өнер иесі.

    Сонымен қатар Бадықова да Олжас Абайға өзімен жұмыс істеудің минустары туралы сұрақ қойды.

    "Сенің көңіліңе тиіп қалады. Сен өте сезімтал адамсың. Сенімен жұмыс істеген қауіпті, кейде ыңғайсыз. Бірақ маған қолайлы. Себебі менің мінезім ондайды көтереді. Сен кәсібилігіңе сеніп, бостау қарап жатасың рөлге. Маған сол ұнамайды. Көп уайымдайсың. Болмайтын немесе өтіп кеткен дүниеге көп уайымдайсың. Рөл сомдауға келгенде сол уайымның барлығы көзіңнен көрініп тұрады", - деді Олжас Абай "Біздің подкаст" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.