jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы әуежайында ұшқыш есірткіге мас күйде ұсталды: Air Astana компаниясы түсініктеме берді

    Алматы әуежайы
    Алматы әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі Алматы әуежайында есірткіге мас күйде ұсталған ұшқыш жөнінде тараған ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді.

    Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады", - делінген Air Astana баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Алматы әуежайында ұшқыш есірткіге мас күйде ұсталды: Air Astana компаниясы түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.