jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "30 млн теңге ұсынды": әнші Бағлан Әбдірайымов казино жарнамасынан не үшін бас тартқанын айтты

    Бағлан Әбдірайымов
    Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

    Әнші Бағлан Әбдірайымов кино әлеміне бет бұрып, бірнеше фильм таспалап үлгерді. Өнер иесі "OZMZғой" бағдарламасында кезекті туындысының түсірілімі кезінде казино жарнамасына ұсыныс түскенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бір қызық айтайын. Қапшағайда бұрын атауы басқаша болған ғимарат бар. Соның иелері Zero киносын түсіріп болғаннан кейін, мені 1 минуттық жарнамаға шақырды. Олар 30 млн теңге ұсынды. Ештеңе істемейтін болдық. Бірнәрсе істесек, қарабет боламыз. Елден көшіп кету керек шығар. 30 млн теңге деген жақсы ақша ғой. Бірақ абырой одан да маңызды", - деді Бағлан Әбдірайымов.

    Айта кетейік, осыған дейін Бағлан Әбдірайымов осы Zero фильмін түсіру үшін 148 млн теңге кеткенін мәлім етті.

    Ал әншінің жақында кинотеатрлардан көрсетіп бастаған екінші фильмі үшін 212 млн теңге қаражат жұмсалған.

    "30 млн теңге ұсынды": әнші Бағлан Әбдірайымов казино жарнамасынан не үшін бас тартқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.