jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Әннің қадірін қашырдың": Мақпал Жүнісова өзін қайталаған қыздың әрекетін сынап тастады (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

    Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісованың ән салған сәтін қайталаған бойжеткеннің видеосы тарады. Бұған әншінің өзі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Белгісіз ару Мақпал Жүнісованың "Қазақтың ерке қызымын" әнін орындап, әншіге пародия жасаған.

    Алайда бұл видео астына Мақпал Жүнісованың өзі пікір білдіріп, бойжеткеннің орындауын сынап тастады.

    "Қарағым, әннің қадірін қашырдың ғой. Сен сіз сияқты айтпаймын, екі деген баға", - деп пікір білдірді видео астына Мақпал Жүнісова.

    Айта кетейік, видео Instagram-дағы news.qaz парақшасында жарияланды.

    Ал желі қолданушылары керісінше, видеодағы қыздың әншіні айнытпай қайталағанын жарыса жазды.

    "Ұқсайды", "Жарайсың", "Мақпалдың туған сіңлісі екен деп қалдым", "Биді де, дауысты да тура салып тұр", "Қолдап кету қиын ба?", "Тым жақсы айтып тұр", - деп жазды желідегілер.

    "Әннің қадірін қашырдың": Мақпал Жүнісова өзін қайталаған қыздың әрекетін сынап тастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.