jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда TikTok бұғаттала ма: вице-министр жауап берді

    Қанат Ысқақов фото
    Қанат Ысқақов: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

    Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат кулуарында "Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау жоспарланып отыр ма?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мұндай сұрақ мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның "Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін желілер бұғатталады" деп пікір білдіргенінен кейін туындаған. Вице-министр ведомство басшысының сөзін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, министрлік желіні бұғаттауды жоспарлап отырған жоқ.

    "Нақтылыққа көшсек, министрге сұрақ TikTok-қа қатысты қойылды. Заңнамаға сәйкес емес контентті TikTok өзі жойып отырады. Олардың шектеу бойынша алгоритмі жұмыс істейді. Ал министрлікте қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген", - деп атап өтті вице-министр Қанат Ысқақов.

    Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі TikTok-пен қоян-қолтық жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ол ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіру деп қандай жағдайда желі бұғатталатынын түсіндірді.

    "Ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамада бәрі анық көрсетілген. Аумақтық тұтастықты бұзатын, мемлекеттік бірлікті бұзатын, қоғамға қауіп төндіретін (контент - авт. ескертпесі)", - деп атап өтті Ысқақов.

    Қазақстанда TikTok бұғаттала ма: вице-министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.