jitsu gif
Шоубиз

    "Ол кезде "пиво" ішкен жоқпын": Мақпал Жүнісова мұрағаттағы видеосымен елді күлкіге қарқ қылды

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusovamakpal

    Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова мұрағаттағы видеосын жариялады. Ол біршама жыл бұрынғы жағдайды еске алып, жұрттың ішек-сілесін қатырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова Оралдағы концертінде болған жағдайды баяндады.

    "Оралға жолға жиналып жатырмын, соңғы барғанда қандай көйлек киіп едім деп архивті ақтарсам, оралдық мықты әнші Еркін Өтегеновтің ән кешіне барыппын. Сонда апам шығып, "менің жас кезімде келгенімде таң атқанша отырып едік, Пивашевпен" дегенде шок болдым.

    Құлағына "апа, мен ол кезде "пиво" ішкен жоқпын деп сыбырлаймын. Сөйтсем бастықтарының тегі Пивашев екен, маған "пиво" ішіп отырғанбыз" деп естілді", - деп жазды Мақпал Жүнісова.

    Мұны көрген желі қолданушылары әншінің ақкөңіл екенін айтып, ақ тілегін жаудырды.

    "Ол кезде "пиво" ішкен жоқпын": Мақпал Жүнісова мұрағаттағы видеосымен елді күлкіге қарқ қылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.