jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Сөмке емес, сауап жинасаңшы": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына шүйлікті

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде өзін сынға алған оқырманына жауап берді. Өнер иесі сатып алған қымбат сөмкелерін санаған ер адамға шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

    Алайда бір оқырманы жолдаған хабарлама оның ашуына тиді. Желі қолданушысы әншіге "Сөмке емес, сауап жинасаңызшы. Маған көмектесіңіз" деп жазған.

    "Құдай-ау, осылардың өмір сүруі маған міндет екен. Жазып отырған – ер адам. Менен сұрағанша тұрыңыз да, жұмыс жасаңыз. Әлеуметтік желіде неғып отырсыз? Ер адамның екі қолына жұмыс табылады. Сосын менің сауабымның қанша екенін қайдан біліп отырсыз? Сауабым сөмкемнен млн есе көп шығар? Оны білуші тек Алла. Дүниемен шектелмей, кеңірек ойланып үйренейік. Түсінген адамға баршылық та, жоқшылық та сынақ қой бұл өмірде", - деп жауап берді өнер иесі.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    "Сөмке емес, сауап жинасаңшы": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.