"Өзін-өзі атты дегенді алып тастау керек": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өлімі туралы айтты
Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өлімі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі жолдасы өзін-өзі аттты деген тұжырымды алып тастау керек екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген сұқбат беріп, Нұрқаділовтің құрметіне ашылған ескерткішке қатысты пікір білдірді.
Оған қоса әнші марқұм жолдасының өлімі туралы сөз қозғады. Сөзінше, саясаткерді ақтық сапарға шығарып саларда жуындырған кісілер оны қатты ұрғанын айтқан.
"Атын атап, түсін түстеп, өзін-өзі атты деген вердиктті алып тастау керек. Сосын барып, ескерткіш немесе мұражай ашады ма, сол дұрыс болатын еді. Сол өзін-өзі атты деген нәрсе әлі тұр ғой. Соған қарамастан барып ескерткіш ашамыз дейді. Сондай тіріліп келеді ме ол кісі? Адамның артында сол қинап өлтірді, атып өлтірді, ұрып өлтірді деген нәрсе бар. Қатты ұрған дейді. Жуындырған адамдар айтты. Белінде үш жерде сынығы бар екен. Сонда кәдімгідей тепкен болып тұр ғой. Соның барлығы ашылмағанына жүрек ауырады", - деді Жүнісова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2197842-ozin-ozi-atty-degendi-alyp-tastau-kerek-maqpal-zhunisova-zamanbek-nurqadilovting-olimi-turaly-aitty/