jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Атқан адамдар белгілі болады деп сенемін": Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділов туралы айтты

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі атқан адамдардың аты белгілі болатынына сенетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова бұл туралы Massaget.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты. Эстрада жұлдызы марқұмның үйіне қатысты пікір білдірді.

    "Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй Мерейдің үйі. Қызым екеуміз оны барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін", - деді әнші. 

    "Атқан адамдар белгілі болады деп сенемін": Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділов туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.