jitsu gif
Шоубиз

    "Жолдасыма айтсам, жасайтын еді": Мақпал Жүнісова неге шетелде өнерін дамытпағанын айтты

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова туған ел тақырыбын қозғап, жан сырын ақтарды. Өнер иесі өзге әріптестері секілді неге шығармашылығын шетелде дамытпағанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова шетелде атын шығаруға мүмкіндігі болғанын жасырмады. Сөзінше, қаласа жолдасы ол үшін бәрін жасайтын еді. Алайда әнші шетелде танымал болудың орнына өз елінің қалаулысы атануды шешкен. Ол қазақ еліне деген махаббатын жеткізді.

    "Қазақ елі үшін қызмет жасаған әншімін. Мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Мен тек Қазақстанды араладым. Ауылдарды, станцияларды аралап шықтым. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. "Мені шетелге шығарып, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса" десем орындайтын еді. Бірақ мен ондайға бармадым. Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім", - деді өнер иесі "Оян" бағдарламасына берген сұқбатында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.