Шоубиз

Зектілері

"Алмас Кішкенбаев полиция бөліміне жеткізілді": желідегі ақпаратқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев. Фото: instagram.com/a.kishkenbaev

Желіде тәртіп сақшылары белгілі әнші Алмас Кішкенбаевты полиция бөлімшесіне жеткізді деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасы өткен түні Алматы құқық қорғау органдарына кәмелетке толмаған ұлы курьер болып жұмыс істейтін ер адамнан арыз түскенін хабарлады. 2007 жылы туған жігіт кешке үш бөтелке сыраны мекенжай бойынша жеткізіп беру туралы тапсырыс алғаны жазылған. Ол дүкенге барып, тапсырыс берушіге тауарды апарған.

"17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, сыраға жасы шамамен 40-қа жақындаған ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алған соң курьерге оны бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне сол сәтте ер адам 11-сынып оқушысын жыныс мүшесінен ұстауға тырысқан.

Курьер дереу үйіне барып, мән-жайды әкесіне айтқан. Баланың әкесі құқық қорғау органдарына хабарласқан. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Ер адамның есімі - Алмас Кішкенбаев", - деп жазады журналист.

Алматы полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Кәмелетке толмаған ұлына қысым көрсеткені туралы әкесінің арызы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жайды анықтау үшін азамат К. полицияға жеткізілді", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2217047-almas-kishkenbaev-politsiia-bolimine-zhetkizildi-zhelidegi-aqparatqa-qatysty-politsiia-okilderi-pikir-bildirdi/