jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Отандық кинокомпания актер Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, барлық келісімшартты тоқтатты

    Шәріп Серік
    Шәріп Серік. Фото: instagram.com/shakentii

    Қазақстандық актер Шәріп Серікті бұрынғы сүйіктісі қол көтерді деп айыптады. Бұл ақпараттан кейін отандық Sәlem Entertainment компаниясы актермен барлық келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.

    Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы жабылды", - делінген компания Instagram желісінде жариялаған хабарламада.

    Сонымен қатар актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін ойнауы тиіс болған, алайда ол жобадан шететтілген.

    Сондай-ақ хабарламада "Патруль: последний приказ" фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді прокатқа шыққалы жатқан фильмнен алып тастау үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны айтылған.

    "Актермен барлық келісімшарт тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердің өзіне қол көтергенін айтып, желіде жазба жариялаған еді. Алматы полициясы аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.