RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шәріп Серік өзіне бұрынғы сүйіктісі таққан айыпқа қатысты пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шәріп Серік
Шәріп Серік. Фото: instagram.com/shakentii/

Актер Шәріп Серік бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутееваның өзіне таққан айыбына қатысты жауап берді. Ол желіде видео жариялап, сүйіктісінен кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актер Instagram желісінде видео жариялаған.

"Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, Әлия Бутееваны лифттен жұлқып шығарып алған сәтімді видеодан бәріңіз көрдіңіздер. Мен өзімді ақтап алғым келіп тұрған жоқ.

Мен зұлымдық жасадым. Заң шегінде жазамды алуға дайынмын. Көпшілігіңізге ұрыс-керіс кезінде ашуға беріліп, ызаға булығудың қандай екені белгілі шығар.

Бірақ менің қателігімді қайталамауды және ешкімге қол көтермеуді сұраймын. Мен Әлия Бутееваны шапалақпен ұрдым, сол үшін одан, оның отбасынан және менің теріс қылығымнан зардап шеккендердің барлығынан кешірім сұраймын", - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердің өзіне қол көтергенін айтып, желіде жазба жариялаған еді. Алматы полициясы аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұл ақпараттан кейін отандық Sәlem Entertainment компаниясы актермен барлық келісімшартты тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2233215-sharip-serik-ozine-buryngy-qurbysy-taqqan-aiypqa-qatysty-pikir-bildirdi-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif