"Белдік сынғанша ұрды": қазақстандық рэпердің жұбайы күйеуінен көрген қорлығын айтты
Опубликовано:

Qurt лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Аружан Койшубаева күйеуінен қорлық көргенін мәлімдеді. Айтуынша, жұбайы оны аяусыз ұрған. Бұл жайтқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Аружан күйеуі оны 27 маусымда таңғы уақытта соққыға жыққанын мәлімдеді.
"Барлығы таңғы сағат 10-да болды, ол мені бір сағат бойы ұрды. Белдік жыртылған кезде, басқа белдікпен ұра бастады. Мен пәтерден шыға алмағандықтан, айғайлай бастадым", - деп жазды ол.
Аружанның сөзінше, оның айғайына көршілер жүгіріп келген. Олар қызды құтқарып қалған.
"Мен сезімім болғандықтан елге жаймадым. Бірақ адам болған жайтқа өкініп тұрған жоқ. Ұрған жерлерін суретке түсіріп алдым, арыз ертең жазылады. Ол достарымен келіп, оған еш шағымым жоқ екенін видеоға мәжбүрлеп түсіріп алды. Оның кей достары маған қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Не істерімді білмеймін", - деп жазды ол.
Сондай-ақ ол өзіне қолдау білдірген әнші SayMo мен Айтбек Амангелдіге алғысын жеткізді.
Аталған жайтқа қатысты Астана ПД баспасөз қызметі түсіндірме берді.
"Бұл жайт 27 маусымда тіркелді. "102"-ге келіп түскен өтініш бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына жетті. Нәтижесінде агрессорға қатысты қорғау нұсқамасы берілді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
ПД ақпаратына сай, заң бұзушы уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.
"Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 73 бабына сай полиция қызметкерлері жинаған материалдар жауапкершілікке тарту мақсатында сот органына жолданды. Алайда сотта тараптар зардап шегушінің жазбаша өтініші бойынша өзара татуласты", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ПД-ға аталған оқиға бойынша еш арыз түспегені айтылды.
"Қосымша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық істің қозғалу мәселесі қаралады", - деді полициядағылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2262522-beldik-syngansha-urdy-qazaqstandyq-reperding-zhubaiy-kuieuinen-korgen-qorlygyn-aitty/