jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Отандық әнші өзін Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын мәлімдеді: қылмыстық іс қозғалды

    Мұқасан Шахзадаев
    Мұқасан Шахзадаев. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Танымал "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ғалымжан Сүлейменнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды.

    "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан топтың әншісі Мұқасан Шахзадаев достарымен бірге әндерді рұқсатсыз қолданғаны үшін аяусыз соққыға жыққанын, қолы мен мұрнын сындырғанын хабарлады", - делінген жазбада.

    Бұл ақпаратқа қатысты Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері пікір білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

    Полицияның мәліметінше, 2025 жылғы 22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арызбен жүгінген тұрғын өзіне азамат М. және өзге де бірнеше тұлға дене жарақатын салғанын айтқан.

    "Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ тергеудің толық, жан-жақты, әділ жүруін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қортындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - делінген полиция жауабында.

    Отандық әнші өзін Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын мәлімдеді: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.