jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты: ҚАЖК өкілдері бұған қатысты түсінік берді

    Мейіржан Төребаев
    Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

    Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі вайнер Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шыққанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бірнеше күн бұрын қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған вайнер Мейіржан Төребаев жазасын өтеп шығып, үйіне оралғанын мәлімдеді. Жарияланған кадрларда оны отбасы мен достары қарсы алғанын байқауға болады.

    NUR.KZ тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне вайнердің бостандыққа шыққаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік беруді сұрап, сауал жолдады. Олар Төребаев жазасын толық өтегенін растады.

    "Сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтегеніне байланысты босатылды", - деп атап өтті ҚАЖК өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпанында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов "Мудараба Капитал" қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Кейін олар қамауға алынды.

    2023 жылдың 23 маусымында сот үкім шығарды. Вайнерлерге бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың үкімін күшінде қалдырды.

    2024 жылдың соңында сот вайнерге шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын беруден бас тартты.

    Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты: ҚАЖК өкілдері бұған қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.