jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Танымал түрік актрисасы ұсталды

    Ханде Эрчел
    Ханде Эрчел. Фото: instagram.com/handemiyy/

    Түрік телехикаяларының жұлдызы, танымал актриса Ханде Эрчел Стамбұл әуежайында ұсталды. Ол бұған дейін есірткі пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Cumhuriyet газетіне сілтеме жасаған РИА Новости.

    "Белгілі актриса Ханде Эрчел жұма күні Стамбұлға қайтып оралған. Ол әуежайда ұсталып, сотқа куәлік берген. Қазір оны есірткіге тексеру үшін сотмед сараптама басқармасына апарды", - делінген мақалада.

    Sözcü газетінің жазуынша, дәл осы іс бойынша ұсталған бизнесмен Хакан Сабанджи өзі де, Ханде Эрчел де еш уақытта есірткі қолданбағанын мәлімдеген.

    Айта кету керек, 25 наурызда Түркия полициясы кезекті мәрте есірткіге қарсы рейд жүргізіп, нәтижесінде 14 адамды ұстаған. Оның ішінде бизнесмендер Хакан мен Керим Саданджилер, "Галатасарай" футбол клубының экс-президенті Бурак Эльмас, актриса Гюзиде Дуран және басқалар болған. Тағы екі адамға іздеу жарияланған. Оның бірі танымал телехикаялардың актрисасы Эрчел де бар. Актриса сол уақытта шетелде болған, бірақ тергеуге баруға уәде берген. Ал оның есірткі қолданғаны рас болса, ол қамауға алынады.

    Артынша сот ұсталған 14 адамның төртеуін қамауға алып, екеуін үйқамаққа алды.

    Танымал түрік актрисасы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.