"Таңым бар": Баян Алагөзова "Қыз Жібек" камзолы төңірегіндегі дауға қатысты жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында "Қыз Жібек" фильмінде Меруерт Өтекешова киген камзол төңірегінде туындаған дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Продюсер камзолдың жарты ғасырға жуық уақыт бойы ешкімге керегі болмағанын айтып, ақыры бұл жәдігер оған бұйырғанын сөз етті.
"Білесіз бе, таңым бар. Қандай да бір себептермен бұл камзолдың 50 жылдан астам уақыт бойы ешкімке керегі болмады. Оны ешкім есіне де алған емес. Неге 30 жыл бойы ешкімнің ойына да келмеді? Ал ұлы картинадағы костюмдер қайда? Олар қайда? Оларды кім сақтады? Ешкім сақтаған емес, неге екенін білесіз бе? Өйткені олардың ешкімге керегі болмады", - деді Алагөзова.
Оның айтуынша, бұл камзолды бір "керемет әйел" сақтап келген.
"Ол ешбір қағазда немесе баланста жоқ. Камзолды бір керемет әйел өз үйінде сақтап келген. Енді ол камзол сенімді адамның қолында болғанын қалады", - дейді Баян.
Продюсер камзолды әйел оған өз еркімен бергенін айтып, болашақта камзолмен не істейтінін бөлісті.
"Мен өзім жоспарлағандай, бұл киімнің дәлме дәл көшірмелерін тігемін. Фильммен бірлесіп, оны әдемі көрінетіндей, жасанды интеллект арқылы көрсетемін. Немесе оны мұражайға сыйға тартамын. Сол жерде ілулі тұрсын және жылына 30 адам оны тамашаласын.
Қалыпты, өркениетті елдерде сирек кездесетін заттар жеке қолда болуы мүмкін және оларды тек сатып алуға болады. Бұл зат ешқандай баланста көрсетілмегендіктен, бұл камзолдың "Қазақфильмге" немесе басқа біреуге тиесілі екенін дәлелдейтін бірде-бір құжат жоқ.
Ендеше, бұл камзол маған тиесілі екеніне және ұлы Гүлфайрус Ысмайылова жасаған осы сұлулықты танымал ету үшін барымды салатыныма көндіккендеріңізді қалаймын", - деп түйіндеді Баян.
Еске салсақ, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қыз Жібек" фильмінде пайдаланылған, Меруерт Өтекешова киген камзолға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2367193-tangym-bar-baian-alagozova-qyz-zhibek-kamzoly-tongiregindegi-dauga-qatysty-zhauap-berdi/