"Жол бермеймін": Баян Алагөзова "KeshYOU-дің" концертіне қатысудан бас тартқан Мөлдір Әуелбековаға жауап қатты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова "KeshYOU" тобының мерейтойлық концертіне қатыспауға бел буған әнші Мөлдір Әуелбековаға желі парақшасында жауап қатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
KeshYOU тобының бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында Баян Алагөзова продюсерлік еткен топтың мерейтойлық концертіне қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Әнші кезінде музыкалық топтың алғашқы құрамдарының бірінде өнер көрсеткен болатын.
"KeshYOU-дің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын.
Дегенмен осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әр түрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралып та үлгердім.
Өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз.
Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша, тыңдарманым.️
Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік", - деп жазды әнші желі парақшасында.
Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың бұл жазбасына жауап берді. Ол Instagram парақшасындағы стористе "KeshYOU" туралы танымал фильмнің үшінші бөлімін шығаруға дайын екенін жазды және әншінің концертке қатысау туралы шешіміне ренішін білдірді.
"Сенің маған және сен үшін жасаған барлық жақсылығыма түкіре қарауыңа енді жол бермеймін! Атышулы "KeshYOU-ге 20 жыл" атты фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Оның неліктен сатқын екенін түсіндіретін уақыт келген секілді", - деп жазды стористе продюсер Мөлдір Әуелбекованың фотосын бөлісе отырып.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз