jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Танымал әзілкеш пойыздағы жағдайдан соң айыппұл арқалады

    Ақылбек Скендіров
    Ақылбек Скендіров. Видеодан кадр: instagram.com/akylbek_skendirov

    "Қызылорда - Павлодар" пойызындағы жағдайдан кейін танымал КВН жұлдызы Ақылбек Скендіровке ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қызылорда қаласының әкімшілік істер жөніндегі сотының шешімімен бұл азамат кінәлі деп танылып, 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, бұған дейін желіде қазақстандық әйел "Қызылорда - Павлодар" пойызында болған оқиға туралы айтып, видео жариялады.

    "Ол алкогольге мас күйде менің мазамды алып, тиісе бастады және агрессивті мінез-құлық танытты", - дейді әйел видеода.

    Желі қолданушылары кадрлардан танымал КВН жұлдызы Ақылбек Скендіровті танып қойды.

    Көліктегі полиция департаменті оған мас күйде қоғамдық орында жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалғанын жеткізді.

    Ұсақ бұзақылық ісі процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.

    Танымал әзілкеш пойыздағы жағдайдан соң айыппұл арқалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.