Қайрат Нұртастың басы дауға ілікті: полиция түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық эстрада әншісі Қайрат Нұртасқа қатысты даулы ақпарат тарады. Желіде ол "астаналық бойжеткенге тиісті" деп айыпталған. Бұған қатысты Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы Egov.press арнасының хабарлауынша, чаттарда қыз зорлау туралы хабарлама тарады. Қыздың шағымында Қайрат Нұртастың аты аталады-мыс.
Астана полиция департаментіндегілер NUR.KZ тілшісіне қыз зорлау айыбының расталмағанын мәлімдеді.
"Жазбаларда келтірілген уәжге қатысты – 10 шілдеде 102 арнасына 2006 жылғы қыздан қала қонақ үйлерінің бірінде ер адамның заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түскенін хабарлаймыз" , - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері заңда белгіленген тәртіпке сәйкес тексеріс жүргізген.
"Алдын ала анықталғаны – қонақ үйге тоқтаған екі қонақ арасында жеке себептермен жанжал туындаған, қазір ол шешілді.
Өтініш беруші шағымданудан бас тартты" - деп атап өтті Астана полиция департаменті өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2398448-qairat-nurtastyng-basy-dauga-ilikti-politsiia-tusinik-berdi/