jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Полиция желіде тараған қазақстандық әншіге қатысты видеоға назар аударды (видео)

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде көлік жүргізушісінің жолда келе жатып түсірген видеосы пайда болды. Оқырмандар алдыңғы орындықта отырған әйелдің қазақстандық әнші екенін байқаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео авторы әншіні жазбада белгілеп: "Мөлдір Әуелбекова, рақмет", - деп жазған.

    Кадрлардан жүргізушінің көлікті басқарып келе жатып, айналаны телефонға түсіріп жатқаны көрінеді. Оның өзі де, алдыңғы және артқы орындықтағы жолаушылар да қауіпсіздік белдігін тақпаған.

    "ҚР ІІМ Жаңалықтары" Telegram-арнасы хабарлағандай, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнеленген бейнеролик анықталды.

    "Тексеру нәтижесінде 38 жастағы жүргізушінің автокөлікті қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарғаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны белгілі болды. Сонымен қатар көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.

    Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша оған қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларға қатысты да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды", делінген ІІМ хабарламасында.

    Полиция барша азаматты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тағуға және телефонды пайдаланбауға шақырды.

    Полиция желіде тараған қазақстандық әншіге қатысты видеоға назар аударды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.