jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Барша қазақ қызының жеңісі деп білемін": Фариза Алмасқызы барша қазақ еліне алғыс айтты

    Фариза Алмасқызы
    Фариза Алмасқызы. Фото: instagram.com/fariza.almazovna

    Блогер, актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Осыған орай блогердің экс-жұбайы Фариза Алмасқызы желідегі парақшасында , деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сот үкімі шыққаннан кейін актердің бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы көзіне жас алып, өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты. 

    "Үкім шықты. Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі өте үлкен жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Жеңілдеп қалдым. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет", – деді Фариза Алмасқызы.

    Ол осыған дейін өзіне жала жауып, отбасына тіл тигізгені үшін бұрынғы күйеуіне бірнеше рет ескерту жасап, болған жайтты әлеуметтік желіде баяндаған еді. 

    "Қазақтың қаршадай қызына, 2 баланың анасына жазықсыз жала жауып, бүкіл халықтың алдында қорлаған кезде, сіздер Халық болып, үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Мен үшін өте ауыр жала болды. Себебі мен ата-анамның тәрбиесін көрген, әкемнің махаббатымен өскен, түзу жолда, жұмысымды жасап, аяққа тұрып балаларымды асырап жүрген 0азақтың қарапайым қызымын.

    Халықтың өзі ақ-қарасын ажыратып, әділдікті талап етті. Алла әділ, бірінші Алла, екінші сіздердің арқаларыңызда, сот әділ шешім шығарып, менің намысымды қорғады. Бұл менің ғана емес, барша қазақ қызының жеңісі деп білемін. Мені қолдаған, уайымдаған, дұға еткен барша Қазағыма алғысымды білдіремін", – деді ол.

    Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралды. Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылған.

    Ол әлеуметтік желіде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

    Сот оны кінәлі деп танып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.

    Сонымен қатар сот жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өтемақы өндіруді міндеттеді.

    Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

    "Барша қазақ қызының жеңісі деп білемін": Фариза Алмасқызы барша қазақ еліне алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram