jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының жұлдызы ұсталды

    актер Арас Булут Ийнемли
    Арас Булут Ийнемли. Фото: Anadolu/Getty Images

    Түркияда танымал актер Арас Булут Ийнемли ұсталды. Ол есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты іс бойынша күдіктілердің қатарында, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің TGRT Haber басылымына сілтеме жасап жазуынша, Түркияның Бакыркёй аудандық прокуратурасы есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты іс бойынша 18 адамды ұстау туралы қаулы шығарған.

    Ақпарат жарияланған сәтте полицейлер 15 адамды ұстаған, олардың арасында "Сүлеймен сұлтан" және "Чукур" сериалдары арқылы танымал актер Арас Булут Ийнемли де бар.

    Қадағалау органының мәліметінше, 18 қыркүйекте Стамбұл жандармериясына іс фигуранттарына – актерлерге, әншілерге, кәсіпкерлерге, мекеме иелері мен блогерлерге қатысты ұстау, тінту және биологиялық сараптама жүргізу тапсырылған. Одан кейін олар жауап алу үшін прокуратураға жеткізілуі тиіс.

    Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының жұлдызы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram