jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Дәл қазір ешкіммен ұрысуға ниетім жоқ": Ләйлә Сұлтанқызы сынға жауап берді

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

    Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы актер Қуандық Қыстықбаевпен болған сұхбатынан кейін айтылған пікірлерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

    Тележүргізуші әлеуметтік желідегі жазбасында ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін айтып, сұхбат барысында деменция тақырыбына қатысты білдірген таңданысының себебін түсіндірді.

    "Ешкімге шамына тиіп, көңіліне қаяу түсіргім келмейді. Баршаңыздың ой-пікіріңізді құрметтеймін. Бірақ дәл қазір ешкіммен ұрысуға да, пікірталасқа түсуге де ниетім жоқ", – деп жазды ол.

    Ләйлә Сұлтанқызы бұл дерттің қаншалықты ауыр екенін өз отбасындағы жағдайдан жақсы білетінін жеткізді. Айтуынша, нағашы әжесі 70 жастан асқан шағында деменцияға шалдығып, кейін өз балаларын танымайтын жағдайға жеткен.

    Тележүргізуші Қуандық Қыстықбаевпен әңгімесі құрдастар арасындағы еркін сұхбат болғанын атап өтті. Оның сөзінше, қойылған сұрақта ешқандай астарлы ой болмаған.

    "Ал сіздер көрген рилс - Қуандық екеуміздің құрдастар арасындағы әңгімеміз. Менің сұрағым да, таңданысым да осы тақырыпқа қатысты болды. Ешқандай астарлы ой немесе біреудің жағдайын жеңіл қабылдау болған жоқ", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

    Сондай-ақ ол деменцияның жас адамдарда да кездесетініне алаңдайтынын білдіріп, бұрын медициналық көмек пен науқастарға күтім жасау мүмкіндіктері қазіргідей болмағанын еске салды.

    "Сондықтан айтылған сөзді өз контексінде қабылдасаңыздар екен. Ешкімнің көңіліне тиюді мақсат еткен жоқпын", – деп түйіндеді тележүргізуші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram