jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Семейде он жылдан бері қара түнекте тұрып келген тұрғындар бар

: UGC

Семейде он жылдан бері қара түнекте тұрып келген тұрғындар бар. Жарықты қосып берулерін өтініп, халық әкімдікке сан барған деп хабарлайды 31 арна.

Бірақ, Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысын басқарып тұрғанда, халықтың үні Өскеменге жетпеді ме, әйтеуір бұл үшін Семейдің әкімін орнынан алмаған болатын.

Жоламан ауданындағы бұл жер учаскелері 2006 жылдары беріле бастағанда жер телімдерінің иелері бөлінген орынға баспаналарын тұрғыза бастаған.  Содан бері 10 жыл өтсе де, осы күнге дейін әлі электр желісі тартылмай, қараңғы қапаста өмір сүріп келеді.

Жарыққа зар болған біздің назымызды қала билігі естісе де, естімеген сыңай танытады дейді халық. Оның үстіне, бірінен соң бірі ауысқан шенеуніктер құжатты қайта қарауға құлықтары жоқ екені тұрғындардың жандарына батады.

Ал әкімдіктегілер қараша халықтың жағдайын жақсы білсе де, он жылды аз көрді ме, жарық қосуға әлі де асығар емес.

"Жоламан  кентіндегі, Шүлбі көшесіндегі жеке тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау үшін сметалық жобалық құжат дайындалған. Ол сметалық құжатты ары қарай іске асуы үшін 37 миллион теңге қаражат керек. Бұл қаражат төленген жағдайда толық электр жабдығымен қамтамасыз етіледі", - дейді бөлім басшысының ТҮКШ мәселелері жөніндегі орынбасары Жексенғазы Қалдыбаев.

Міне, жауап осы. Жарықты қосуға небәрі 37 миллион теңге керек екен. Ондай қаржысы болса, халық он жыл қараңғы түнекте отырмай, жарықты өздері-ақ қосып алмай ма? Ал Семейде соңғы 10 жылда 5 әкім ауысса да бұл істі шешер атқамінер табылмай отыр.

Ақжағалылардың  сағыздай созған ісіне сенбейтін  жұрт енді мұңын қайда және кімге барып шағарын білмей дал.

Семейде он жылдан бері қара түнекте тұрып келген тұрғындар бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.