Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал дінтанушы Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыруға қатысты пікірін білдірді

Опубликовано:

Танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбай Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыруға қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

"Таяуда еліміздегі бір сайттан жезөкшелікті заңдастыруға қатысты бір ақпаратты көзім шалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзін зиялы санайтын бір зиянды кісі де маған дәл осы ұсынысты айтқан болатын. «Қоғамда бұл іс қалай болғанда да жүзеге асып жатыр. Сендер харам дегенмен ол тоқтап қалмайды. Істейтін адам әйтеуір бір амалын тауып, бәрібір жасайтынын жасайды. Ендеше, оны заңдастыру қажет. Есесіне қазынамызға салық төленеді. Қыздар медициналық бақылауда болғандықтан, ауру тарамайды» - деген уәжін келтірді, қазынаның қамын ойлап, халқымыздың денінің сау болғанын тілеген адам болып", - дейді автор.

"Мен оған: «Біріншіден, заңдастыру дегеніміз ол – харам қылықты ақтап алу деген сөз. Алланың харам еткен нәрсесін ешкім адалдай алмайды.Екіншіден, заңдастыру кісінің жүрегінен күнәға деген жеккөрінішті жойып жібереді. Жаман қылық қай кезде де жеккөрінішті болып, солай қалуы керек. Заңдастырған жағдайда, жезөкшелер күнә жасап жатырмын деп емес, керісінше, өздерін белгілі бір мамандық иесі сезініп, қоғамға пайдам тиіп, қазынаға ақша құйылып жатыр деген ойда болады. Ал онда баратын еркектер де күнә істеуге емес, ақшасын кассаға төлеп, төленді деген түбіртегін қолына алып, бейнебір билет алып, киноға кіргендей күйде болады. Харам қылық мәдениетті іске айналады. Кісінің жүрегінен ұят сезімі жоғалады. Харамға күнә істеп жатырмын деген психологиямен емес, құдды сауапты іс тындырып жатқандай күйде барады", - делінген мақалада.

"Алла елшісі (с.а.у.) бір хадисінде: «Тыйылған істі көрсеңдер, оны қолдарыңмен түзетіңдер, ал егер оған шамаларың жетпесе, тілдеріңмен түзетіңдер. Ал егер оған да шамаларың келмесе, онда ең болмаса, жүректеріңмен сол істі жек көріңдер. Жек көрудің өзі иманның ең әлсізі» - деген. Неге иманның ең әлсізі? Себебі – қандай да бір тыйым салынған істі жек көрмеу оны құптау, қолдау дегенді білдіреді. Алланың харам еткен нәрсесін құптау кісіні иманнан жұрдай етеді. Яғни, ең болмаса харамға арам көзімен қарай алмаған кісінің әлсіз де болса, иманы жоқ деген сөз.Үшіншіден, қазынаға түскен арам ақшаның халыққа қажеті қанша? Мұсылман халықтың аузына харам ас, арам игіліктің зардабын ойладық па? Мектептегі балаңа берілетін астың бір парасы сол харам ақшадан құйылатын арам ас болмай ма? Қазынамызды солай араммен толықтыруға зәруміз бе? Төртіншіден, «медициналық бақылау болғандықтан, ауру тарамайды» – деп күнәһарларға жанымыз ашымай-ақ қойсын! Ол Алланың күнәһарларға жазған мына дүниедегі жазасы болмақ!» - деп жауап бердім", - дейді танымал дінтанушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1047048-tanymal-dintanushy-qazaqstanda-zhezok/

pixel