jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АС
Акырыс Сейтказы
Бұрынғы қызметкер

Атыраудағы әйелдер түрмесінде сұлулық салоны ашылды

: UGC

Атырау қаласының УГ-157/11 әйелдерді түзеу колониясында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында психологиялық релаксация бөлмесі, сұлулық бөлмесі мен спортпен және йогамен айналысу залы ашылды.

Бұл туралы Ақ жайық хабарлайды.

Бұл «Халықаралық түрме реформасы» (Penal Reform International) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің бастамасымен жасалды. Өкілдік қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелдерді мерекесімен құттықтауға арнайы келіп, сыйлықтар табыс етті. Сұлулық бөлмесінде әйелдер тек қана күтім жасап қоймайды, оларға мұнда шаштараз мамандығын меңгеруге мүмкіндік беріліп отыр. Ал, бұл ертең бостандыққа шыққанда қажет болады.

Мереке кезінде колонияда отрядтар арасында суреттер сайысы ұйымдастырылып, туған-туыстарымен кездесу және фотосессия ұйымдастырылды. Халықаралық түрме реформасы ұйымының зерттеу мәліметіне сәйкес, сотталған әйелдердің жартысынан көбі психологиялық қолдауға зәру.

"Зерттеу барысында белгілі болғандай сотталған әйелдердің көбісі бірінші рет қылмыс жасаған. Олардың 20 пайызы жасы 30-ға дейінгілер болса, 60 пайыздайы 30-50 жас арасындағылар. Ал, шамамен бестен бірінің жасы 50-ден асқандар. Біз, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған балалары бар сотталған әйелдерге қолдау көрсетеміз. Мұнда оларға арналған ойын алаңдары мен балаларымен кездесу бөлмесі жасақталған", - дейді Penal Reform International Халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбилов.

Ең басты айта кететін жайт – әйелдер колониясында БҰҰ Халықаралық талаптарына сай (Бангкок Ережесі) арнайы оқудан өткен әйелдер қызмет етеді

Бүгінде Қазақстандағы алты әйелдер колониясында 3 014 әйел жазаларын өтеп жатыр. Ал, Атыраудағы Батыс Қазақстанның төрт облысы бойынша сотталған әйелдер колониясында 252 әйел жазасын өтеуде.

 

Атыраудағы әйелдер түрмесінде сұлулық салоны ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.